Қобыланның кедейлік жайлы кейбір сөзі

Бұл бетте «Қобыланның кедейлік жайлы кейбір сөзі» атты Қобылан Бөрібайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кедейлік, ер екенсің мені жеңсең,
Көзіңді жоғалтар ем енді көрсем.
Бар байлық сұрағаным – денсаулығым,
Өз обалым өзіме аштан өлсем.
Көп екен көргенімнен көрмегенім,
Күнəмді көрмегенім, өлмегенім.
Дүниеден көзім ашық өтер едім,
Малдан зекет, көп қайыр бермегенім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері