Шинель
Бұл бетте «Шинель» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірге өткізіп майданның ауырлығын,
Жүрдің үсте көл-нөсер жауынды күн.
Әрі жастық, әрі сен болдың төсек,
Қарасуық, ызғарлы дауылды түн.
Көктен түскен қарамай бомбаларға,
Бірге екеуміз күмп еттік омбы қарға.
Жылынарлық, жанымды ұғынарлық,
Сенен артық серігім болды ма онда.
Жаудың оғы кезінде жаралаған,
Астарыңды қан кеулей аралаған.
Онда да сен менімен болдың бірге,
Ауру жанды арудай аялаған.
Сол кездері жеңіне қаным сіңген,
Қанға қоса ақ ниет арым сіңген.
Сол себепті мен үшін жүзің ыстық,
Жақынымсың мәңгілік жаным сүйген.
1943.Госпиталь
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі