Жылқыда ұстатпайды бурыл маған

Бұл бетте «Жылқыда ұстатпайды бурыл маған» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жылқыда ұстатпайды бурыл маған,
Аузымда тіс қалмады суырылмаған.
Ханда мейір, билерде ғаділдік жоқ,
Замана несі қалды қуырылмаған.

Жылқыда ұстатпайды сұр қашаған,
Тілеуін мұсылманның бер жасаған.
Маңдайға алла дәулет бітірмесе,
Байымас әлдекімнен бір асаған.

Жылқыда ұстатпайды сұр ат маған,
Сөзімді кей надандар ұнатпаған.
Жүзіне бұл фәнидің көз тастасам,
Пенде жоқ мәңгі қалып тұрақтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқыда ұстатпайды бурыл маған өлеңінің авторы кім?

Қожаберген жырау — осы өлеңнің авторы.

Жылқыда ұстатпайды бурыл маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқыда ұстатпайды бурыл маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қожаберген жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқыда ұстатпайды бурыл маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері