Ей, досым!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Емеурінді ұғасың ба,
Ей, досым?
Пейіліме құбасың ба,
Ей, досым?
Жаным жүдеп,
Шаршап жүрмін,
Шалдығып,
Бір жағыма шығасың ба,
Ей, досым?!.

Сөз бастаған шешен болу –
Бір қиын,
Елің үшін есен болу –
Бір қиын.
Тайғақ кешіп,
Ақ жол тауып,
Адаспай,
Көш бастаған көсем болу –
Мың қиын!

Тыңдай білу заманыңның тынысын,
Төрге оздыру қазағымды –
Ұлы сын.
Мойындатсаң мұратыңды жаһанға,
Сонда ғана...
Пенде емес –
Ұлысың!
...Сонда ғана,
Ұлықтайды ұлысың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, досым! өлеңінің авторы кім?

Нұрсұлтан Назарбаев — осы өлеңнің авторы.

Ей, досым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ей, досым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсұлтан Назарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, досым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері