Шұбарат – Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл бетте «Шұбарат» атты Нұрсұлтан Назарбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алатау – туған жерім, елім менің,
Сағындым арасынан ескен желін.
Арқада ардақталып жүрсем-дағы,
Ер жігіт ұмытар ма өскен жерін.
Шұбарат Алатаудың етегінде,
Шамалған тұрады екен жетегінде.
Арқадан асыл жарды тапсам-дағы,
Туған жер, сенен алыс кетермін бе!
Бай да өтер, би де өтер, батыр да өтер,
Басында панасы жоқ пақыр да өтер.
Бұл өмір қарап тұрсаң тұрағы жоқ,
Жел соқса бір-ақ күнде ұшып кетер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шұбарат өлеңінің авторы кім?

Нұрсұлтан Назарбаев — осы өлеңнің авторы.

Шұбарат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шұбарат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсұлтан Назарбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шұбарат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері