Ей, досым! – Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл бетте «Ей, досым!» атты Нұрсұлтан Назарбаев жазған достық туралы өлең берілген.

Емеурінді ұғасың ба,
Ей, досым?
Пейіліме құбасың ба,
Ей, досым?
Жаным жүдеп,
Шаршап жүрмін,
Шалдығып,
Бір жағыма шығасың ба,
Ей, досым?!.

Сөз бастаған шешен болу –
Бір қиын,
Елің үшін есен болу –
Бір қиын.
Тайғақ кешіп,
Ақ жол тауып,
Адаспай,
Көш бастаған көсем болу –
Мың қиын!

Тыңдай білу заманыңның тынысын,
Төрге оздыру қазағымды –
Ұлы сын.
Мойындатсаң мұратыңды жаһанға,
Сонда ғана...
Пенде емес –
Ұлысың!
...Сонда ғана,
Ұлықтайды ұлысың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері