Жартастағы қан

Бұл бетте «Жартастағы қан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3304
Көк теңіздің шетінде,
Кәрі жартас тік өскен.
Қаны жатыр бетінде,
Тамған ұлы күрестен.
Жағалай соғып жартасты,
Туласа да көк теңіз.
Өшер емес бетінен,
Қанмен салып кеткен із.
1943.Волхов майданы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері