Бір кездестім – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Бір кездестім» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кездесуді Ай мен Жұлдыз қолдайды,
Құтты күнде кездестірді жол жайлы,
Бір кездестім, ғашық болдым,
Сөкпеңдер...
Кездеспеген қызды алуға болмайды.
Бір кездестім сәтті сапар жалғадым,
Аян еттім, отты жырлар арнадым.
Бір кездестім ...
Содан кейін ешқашан
Басқа кызбен кездесуге бармадым.
Бір кездестім ...
Қызды бойда ақ жалын.
Тіл жетпейді, айту қиын ар жағын.
Бір кездестім ...
Содан кейін ешқашан,
Қорғаушыдай қыр соңынан қалмадым.
Бір кездестім …
Тағат тапты арманым.
Дос-жаранға толды төрім, жан-жағым.
Ең ақылды ісім болды жалғанда,
Ең алғашқы кездесуге барғаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір кездестім өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Бір кездестім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір кездестім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір кездестім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері