Ақындық алтын тұғыры

Бұл бетте «Ақындық алтын тұғыры» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1684
Өлеңмен ғана жүрер ем
Кей ақынша күнелтіп,
Қатыгез соғыс дүрбелең
Қаусатты елді жүдетіп.
Кенші болдым содан мен
Байытам деп қазақты.
Жаһанаммен болар тең,
Қисапсыз шектім азапты.
Салғандай тұсау асауға,
Он жылдай қаздым кенімді.
Мақтаныш етем қашанда
Кеншілік деген тегімді.
Еңбектің сол ғой жойқыны,
Адамның көркін ашқызбақ.
Күміс пен жезім толқыды,
Қопарған кенім тасқындап.
Жасаудан сақпын жансебіл,
Тау­таспен ашық егестім.
Құдайға шүкір, әйтеуір,
Мен жалаң ақын емеспін.
Жинаған ойлар жер­көктен,
Өлеңім –
Өмір сабыры.
Айқаспен келді тер төккен
Ақындық
Алтын тұғыры.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындық алтын тұғыры өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ақындық алтын тұғыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындық алтын тұғыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындық алтын тұғыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері