Ақ тырналар
Бұл бетте «Ақ тырналар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 01.09.2024
- 0
- 0
- 1051
Барады аспандатып ақ тырналар,
Тізілген бұлт төсінде ақ сырғалар.
Кетті ғой жылы жаққа жаутаң қағып,
Ғаламат жер бетінде таптырмаған.
Қайырмасы:
Ахау, ақ тырналар,
Ақ сырғалар.
Тұңғыш сезім,
Мөлдір кезім.
Толды ғой ақ сырғаға
Екі көзім.
Кең сайда ойнаушы еді лала гүлдей,
Кеткенін қалды-ау туған дала білмей.
Алыстан ғашық әнін естігенде.
Жүрегім лүпілдейді бала күндей.
Қайырмасы
Жан дауа сыйлы күндер көрген едім,
Сездім ғой қимай қанат сермегенін.
Тағдырдың ғашық жүрек бере салып,
Қарашы ұшар қанат бермегенін.
Қайырмасы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі