Сағыныш назы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сағыныш назы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ән салма қалқа,
Ауылды аңсап мен барда.
Онсыз да болам,
Өзімнен өзім дел-далда.
Көре алмай қалдым,
Көктемде жайлау келбетін.
Аққулы көлге
Жағалай қонған ел барда.
Көре алмай қалдым,
Өртеңге шыққан көгіңді.
Тере алмай қалдым,
Тотылар төккен көп үнді.
Аңсады жаным,
Майсалы дала қымызын.
Майсары жеңгей
Масайрап күлген лебіңді.
Ән салма қалқа,
Ауылды аңсап мен барда.
Онсыз да болам
Өзімнен өзім дел-далда.
Азғана күндер,
Сағынбай жүрген болайын.
Саябыр жасап
Көңілімді менің сен де алда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері