Өлең, жыр, ақындар

Күй – құдірет

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 492
Күй – Фараби жер жаһанмен жарысы,
Күй – Отырар соңғы қоңырау қағысы.
Күй – қазақтың мысы қайтпас дабысы,
Күй – Құлагер құс қанатты шабысы.
Күй – Жез киік құба жонда ағысы.
Күй – «Саржайлау» Тәттімбеттің намысы,
Күй – «Сарыарқа» Құрманғазы «Серпері».
Күй – Махамбет ұшқыр жебе, семсері.
Күй – домбыра күмбірлеген дауысы,
Күй – су жорға бипыл аяқ алысы.
Күй – анаңа сәлем айтқан сағыныш,
Күй – құдаша алтын алқа тағысы.
Күй – Сексенкөл, аққу қонған қамысы,
Күй – Кыз Жібек жаны құштар жар ісі.
Күй – қазақтың атамекен даласы,
Күй – Арыстар жанын қиған ар ісі.
Жан ұшында жатсам ертең бір күй тарт,
Одан артық жоқ фәнидің дәрісі.
Күй – қазақтың құдай берген дарыны,
Күй – қиялым, Қорқыт-Ата сарыны.
Күй – дабылым жеткен Сақтар, Ғұндардан,
Күй – арманым, Асан-қайғы зар үні.
Күй – қазақтың ізгі иман тілегі,
Күй – керуен, көшпенділер легі.
Күй – құбылыс, ұлттық асыл рухым,
Күй – халқымның лүпілдеген жүрегі.
Күй – Едіге қара қылды қақ жарған,
Күй – шежіре ел тарихын ақтарған.
Күй – мұнара күңгірлеген күмбезі,
Күй – дәстүрім салт, санамда сақталған.
Күй – Абылай басын қосқан қазақтың,
Күй – Ағыбай аңсап өткен азат күн.
Күй – бұлқынған Бұхар жырау бабамыз,
Күй – азасы қазақ шеккен азаптың.
Жан ұшында жатсам ертең бір күй тарт,
Бар күнәдан келсе мені тазартқың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тимеші

  • 0
  • 0

Тимеші - Кәкімбек Салықов
Тиме бұлбұлға, еркімен сайрасын,
Тиме жұлдызға, ерекше жайнасын.
Тимеші екі ішек үндессе,

Толық

Орнымнан атып тұрыппын

  • 0
  • 0

Тәжік қызы, мен сені
Көріп ем бұрын Қырымда.
Ол күндер қайда өлшемі,
Кәкімбек Салықов

Толық

Күзгі шуақ

  • 0
  • 0

Күзгі шуақ - Кәкімбек Салықов
Жүрегім, енді тыным аласың ба?
Әлде бір тың әуреге саласың ба?
Шаршатқан шартараптан әрең жеттім

Толық

Қарап көріңіз