Бұл бетте «Орнымнан атып тұрыппын» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тәжік қызы, мен сені
Көріп ем бұрын Қырымда.
Ол күндер қайда өлшемі,
Келмейді бүгін ырымға.
Армандасам көрем деп,
Арналған саған өлең көп.
Есімнен кейде шықпаушы ең,
Адасқан құстай елеңдеп.
Душанбеге мен келдім
Алтын күз, абзал шағымен.
Көмекке бізге сен келдің
Арнайы қызмет бабымен.
Жарқ еттің көптен сескенбей,
Тәртібін бұзып ғұрыптың.
Мен сонда есім кеткендей,
Орнымнан атып тұрыппын.
28.09.1983.
Душанбе
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі