Жек көремін!
Жанымыздың тым ұқсас болғаны үшін,
Өлеңіме мағына боп қонғаның үшін,
Мендік жүрек сендік әнге толғаны үшін
Өзіңді жек көремін.
Сөзімді бірден тура ұққаның үшін,
Жаныңды алдыма әкеп жыққаның үшін,
Маған бір індет болып жұққаның үшін
Өзіңді жек көремін.
Ойымнан бір сәт қалыспағаның үшін,
Бір тартып, бір алыстағаның үшін,
Бәрін де тани тұра таныспағаның үшін
Өзіңді жек көремін.
Дауысыңа ынтық қып тартқаның үшін,
"Ақынсың", - деп, маған үміт артқаның үшін,
Есіңнен шығып қалудан қорққаным үшін
Өзіңді жек көремін.
Қайнаған жазда туған көктемім үшін,
Сезімдерімді қажетсіз жерде төккенім үшін,
Өлеңдерімді жек өріп кеткенім үшін
Өзіңді жек көремін.
Саған бір сөзбен тисе алмайтыным үшін,
Өзіңсіз ешқайда ұша алмайтыным үшін,
Сен құсап арақ та іше алмайтыным үшін
Өзіңді жек көремін.
Өміріңе алаңдатып уайымдатқаның үшін,
Ашық-жарқын жырымды ұяңдатқаның үшін,
Жағдайымды ойлап, жағдайымды қиындатқаның үшін
Өзіңді сан рет жек көремін!!!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі