Сәбит аға кемеңгер
Бұл бетте «Сәбит аға кемеңгер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағындаса жел жетпес құлагердей,
Тартынбады алға үздік шыға келмей.
Жамбыл-ата баптаса «балуаным» – деп,
Қарқындады қажымас бұлан ердей.
Қайырмасы:
«Ботагөзбен» өрледі,
Шоқанды айтып төрледі.
Дән толқытқан қырдағы,
Кен қопарған шыңдағы,
Қой қоздатқан құмдағы
Саңлақтарды жырлады,
Сәбит аға кемеңгер.
Елге келсе сарқылмас сыр байланып,
Қаумалайтын қалың жұрт тыңдай қалып.
Бар қазақты аралап жүруші еді,
Жер шарындай жылжыған Күнді айналып.
Қайырмасы
Жастық шақтың толқыса ғашық әні,
Қосылуға сандуғаш асығады.
Сәбит десең мөп, мөлдір шықтай таза,
Махаббаттың шуағы шашылады.
Қайырмасы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі