Құрманғазы – кемеңгер – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Құрманғазы – кемеңгер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құлақ салшы «Сарыарқа» мен «Серперге»,
Дауыл күйлер ұран болып жетті елге.
Құйындатты, Құрманғазы құйғытты,
Арманы көп заман сырын шертерде.

Қайырмасы:
Исатайдай текті еді,
Махамбеттей өртті еді.
Құлагердей төкпелі,
Азаттыққа шақырған,
Дауыл күйлер көптеді.
Күйдің алтын сарайы,
Күйдің нағыз Абайы,
Құрманғазы кемеңгер.

Күйге құмар елде жас пен кәрі де,
«Күй-Ата» – деп атап кетті бәрі де.
Өмір толқып, өзгерсе де сан заман,
Құрманғазы құлшынады әріге.

Қайырмасы

О, Күй-Ата! Қайта серпіл бас күйге,
Қарқыны мол заулат еркін жас күйге.
Сен толқынсың Сарыарқадан, Алтайдан,
Алатаудан қарғып түскен Каспийге.

Қайырмасы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері