Біз қазақпыз, азатпыз
Бұл бетте «Біз қазақпыз, азатпыз» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 01.09.2024
- 0
- 1
- 1027
Көкшетау мен Алатаудың арасын
қара Ертіс пен Ақ Жайықтың жағасын
Жалғап жатқан қараңдаршы, тәуелсіз,
қазағымның ұлан байтақ даласын.
Қайырмасы:
Түркі тектес тіліміз,
Алты Алаштың біріміз.
Тайталасқан тағдырмен,
Жетті әлемге үніміз.
Әл-Қисса,
Біз қазақпыз,
Біз қазақпыз, азатпыз.
Бар сырымды байқа менің көзімнен,
Жарқ етеді ақ боталы боз інген.
Ертеңім бар, ерке туған қазақпын,
Кең даласын алтын Орда сезінген.
Қайырмасы
Кербез дала, байтақ атамекенім,
Көз тартады сенің шексіз екенің.
Сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтасын,
Сонда аңсаған арманыма жетемін.
Қайырмасы
Мырзабек
Кәкімбек Салықов атамыз халқын сүйген нағыз ақын