Текелі
Бұл бетте «Текелі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарқырап жатса
бұрқырап гүлдер жолдағы,
түседі еске Текелі.
Бозбала күннің
Бозқарағаны олдағы,
Боз ала таулы мекені.
Қайырмасы:
Жетісу төрі Текелі.
Есімнен кетпей екі елі.
Сағыныш сол ма жетегі?
Жайлауда көрген қара көз,
Жаутаңдап кейде өтеді.
Шыдарсың қалай
Елігіп ерте бұрылмай,
Көргенде ғажап жайлауды.
Желігіп кетті
Желіде тентек құлындай,
Жүрегім менің байлаулы.
Қайырмасы
Жұпары аңқып,
Естіліп гүлдің, дыбысы,
Жапырақ бірге сыбдырлап.
Текелінің
Көк мәрмәр, аппақ күмісі,
Есімін айтты сыңғырлап.
Қайырмасы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі