Мағжан ақындықтың Абылайы – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Мағжан ақындықтың Абылайы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Абайды ақындықтың Күні десем,
Ай керек жарқыратар түнін көшем.
Қазағым, соның бәрін ойлар ма едің,
Тәуелсіз ел боп қайта тірілмесең.

Қайырмасы:
Ақындық бар әлемінің нағыз айы,
Ақжолтай сиқыр сөздің Ағыбайы.
Тұранды ұран еткен қыран-қазақ,
Мағжан ақындықтың Абылайы.

Қайырмасы

Жан еді берері көп оқ алмаса,
Кер заман атын ерте доғармаса.
Абайдан – кейінгім – деп кімді айтар ек,
Мағжан ортамызға оралмаса.

Қайырмасы

Молайтса қайсар ақын берекемді,
Көш түзеп, қыран-дала ере келді.
Жарқ етсе баяғыдай «Батыр Баян»,
Еске алдық Наурызбай мен Кенекемді.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері