Бұл бетте «Есіңе ал» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
5621
Болдың ба сен Волховта,
Көрдің бе оның орманын
Сол орманның әр талын
Өз жанымдай қорғадым.
Январьда, майданда
Ақ денемнен тамды қан.
Алып соқтым ажалды
Алдымды орап аңдыған.
Қара елтірі бөріктей
Қалың нулы орманда.
Есіңе ал мені, уа достым,
Жолың түсіп қонғанда.
1943
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі