Орал орманы
Бұл бетте «Орал орманы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ажал төніп анталап,
Аспанды бұлт торлады.
Аттандық біз батысқа
Қалды Орал орманы.
Қалды орыстың жас қызы
Орамалы желпілдеп.
Өзеніндей Исеттің
Қөзде жасы мөлтілдеп.
Аттандық біз батысқа
Аялдамай аптығып.
Қас қарайып, күн батып
Айналаны жапты ымырт.
Буырқана түйілдік
Бұзылды жау қорғаны.
Болды солдат сапында
Байтақ Орал орманы.
1943
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі