Тұлпар
Бұл бетте «Тұлпар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көп ай бойы дағдыланған,
Қан жорыққа тұлпарым.
Кесе келген қарғып жалдан,
Шықты үстіне қырқаның.
Қара жолға қан төгіліп,
Күреңденіп қалды із.
Жалт бұрылып, жау шегініп,
Жатты ашық алдымыз.
Шіркін, тұлпар көсіле алман,
Тұрып еді байлауда.
Бүгін тұңғыш ерік тиіп,
Шыққандай бір сайранға.
Туды еркін шат күндері,
Қонды жеңіс құсы кеп.
Құйындатып тартты ілгері,
Желге қарап кісінеп.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі