Жұмаққа сені балаймын – Айтмұхамбет Жанайдаров

Бұл бетте «Жұмаққа сені балаймын» атты Айтмұхамбет Жанайдаров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ерейменнің таудан соққан самалы,
Әкеледі жұпар иіс ауаны.
Шың басынан таң бозарып атқанда,
Күннің нұры сүйіп беттен алады.

Қайырмасы:
Ерейменім арайлым,
Мейірлене қараймын.
Орман, гүлге оранған,
Жұмаққа сені балаймын.

Ұлдары бар ерен туған білікті,
Қыздары бар қор қызындай көрікті.
Күлімдейді тал шыбықтай бұралып,
Қарақаттай қара көзі сүйікті.

Қайырмасы

Тауларынан кәусар бұлақ, ағады,
Бұлбұл құстар әсем әнге салады.
Табиғаттың сендей сұлу өңірін,
Күнде қимай ұясына барады.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар