Өнерім – өмірім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өнерге серік – парасат,
Арқауы дерсің тірліктің.
Бағасын біліп қарасақ,
Жинағы дара бірліктің.
Өмірдің бейбіт елшісі,
Өнердің орны тым асқақ.
Жанымның дәру емшісі
Нәрімен жебеп – жүр бастап.
Әсемдік тұнған бар маңы,
Тартқанда өрге арай-шың,
Сезініп тәтті – бал дәмін
Соңыңа сергек қарайсың.
Қазақы жарқын пейілмен
Өнерім болса өрісті,
Шуақты әппақ көңілмен
Әр күнім ғажап келісті.
Бақ құстай талғап қонғаны,
Тәңірдің сыйы, қалауы.
Тұлғаның таза болғаны,
Жүректе болса алауы.
Өнерім менің – өмірім,
Жанымды жаздай жайнатқан.
Өнерім – өшпес өр үнім,
Бұлбұлдай таңда сайратқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнерім – өмірім өлеңінің авторы кім?

Ғабит Тұрсынбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Өнерім – өмірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өнерім – өмірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабит Тұрсынбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өнерім – өмірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері