Асқақ Астана – Ғабит Тұрсынбайұлы

Бұл бетте «Асқақ Астана» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кең байтақ қазақтың жерінде,
Арқаның ардақты төрінде,
Асқақтап барады Астана,
Байрағы желбіреп көгінде.

Қайырмасы:
Елімнің бақытын жырлаған,
Жайнай бер, жасай бер – нұр қала.
Астана, Ақорда – береке,
Сап түзеп, көркейген кең өлке

Мызғымас бәйтерек діңгегім,
Көкке өрлеп, көркейген күнбе-күн.
Егемен қазақтың намысы
Көтерген ту етіп тілегін.

Қайырмасы

Көгінде қалықтап қыраны,
Татулық, бірлік боп ұраны,
Бабалар аңсаған бақыттың
Есілім бастауы, бұлағы.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері