Азамат – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Азамат» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1243
Азамат!
Байыбына бара алғанға ғажап-ақ!
Жалғыз сөзде жатыр қанша мағына,
Жігітті алар көп кінәдан тазалап!
Азамат!
Бүркеншік те, лақап та емес, жария ат.
Азамат деп сүйсінеді ел жігітте
Биік болса, адамшылық, ар-ұят.
Азамат!
Бұл өмірден жанып өту алаулап!
Кешір, достым, бөрік киген бастар көп,
Ап азамат!
Шын азамат санаулы-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері