Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан – қастерлім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ежелгі елім, өр елім,
Шаттықтың күйін төк, елім.
Күн келбетті көркіңнен
Бақыттың өзін көремін.

Қайырмасы:

Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!

Cәулетті елдің санаты,
Сабыр деп соққан сағаты.
Астана мен Алматым,
Биікке самғар қанатым.

Қайырмасы:

Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!

Тәуелсіз елдің халқымыз,
Алуан түрлі қалпымыз.
Достықтың туын көтерген
Жасампаз дәстүр-салтымыз.

Қайырмасы

Бірлік деп соққан жүрегі,
Бейбіт күн айқын тірегі.
Қазақстан – қастерлім,
Қасиет тұнған нұр елі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан – қастерлім өлеңінің авторы кім?

Ғабит Тұрсынбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қазақстан – қастерлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қазақстан – қастерлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабит Тұрсынбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақстан – қастерлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері