Көктемде (әзіл ән) – Ғабит Тұрсынбайұлы

Бұл бетте «Көктемде (әзіл ән)» атты Ғабит Тұрсынбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктем келіп, тосыннан,
Маза кетті досымнан,
Үзілмейді күн ұзақ,
Бойжеткендер қасынан.

Қайырмасы:
Шыққандай бір сонарға,
Асығамыз соларға.
Қу қыздар да қалмайды,
Қызық керек оларға.

Қамданыңдар сұлулар,
Сізге лайық бір ұл бар!
Мен де шықтым көшеге,
Қане, мойын бұрыңдар!

Қайырмасы:

Бір сұлуды көргенде,
Маза кетті менен де.
Қарсыласып қайтейін,
Табиғатты жеңем бе?

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері