Аққала
Бұл бетте «Аққала» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
-
admin
- 12.09.2024
- 0
- 0
- 3445
Қар жауғанда
Топ бала
Соқтық келiп
Аққала.
Мұрны – сәбiз үп-үшкiр,
Көзi – көмiр қап-қара.
Көне шелек – басында,
Сыпырғышы – қолында.
Мұз айдынды аршуға
Келгендей-ақ ол мұнда.
Бiрақ та тұр жабығып,
Түйiп алып қабағын.
Таба алмадық жабылып,
Күлдiрудiң амалын.
– Тұра бермей құр қарап,
Аққаланың алдында,
Тебейiк, – деп, – сырғанақ, –
Түстiк келiп айдынға.
Көбейдi тым арада
Тұрып қалған кезiмiз.
Түнерген аққалаға
Түсе бердi көзiмiз.
Оның тұнжыр жүзiнде
Тұнып тұрды ызғары.
Содан соң ба,
Бiздiң де
Ойынымыз қызбады.
Қарап тұрса бүйiрден
Бiреу
Жүзiн мұң шалып,
Өзгеге де
Кiм бiлген
Ауырлығын мұншалық...
Басын тежеп «атының»,
Түстi осы сәт iнiм кеп.
Аққалаға ақырын
Жақындады күлiмдеп.
Қарады да анықтап,
– Сұлуын, – деп, – өзiнiң! –
Құлағына бағыттап,
Сызды екі езуiн...
Әзiрдей ән бастауға
Тұрды аққала шат күлiп.
Қуаныстық
Аспанға
Бөркiмiздi лақтырып.
Күлiмсiрей қарасып,
Көңiлiмiз түзелдi.
Ойынымыз жарасып,
Асыр салдық бiз ендi.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі