Сахнаның серкесі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сахнаның серкесі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1994
Жетпіс деген жеті белес қыр аттап,
Көңілдерде жақсы өлеңдей тұрақтап,
Ортамызда отыр бүгін Серағаң
Алатаудың секілді бір шыңы аппақ.
Сахнаға шықса ол мөлдір арындай,
Жұрт көздері қадалады жалындай,
Шашылады күлкі жазғы жауындай,
Дүрілдейді алақандар дауылдай.
Балаша ойнап, данаша ойлап міндетін,
Күнде ашады, сахнаның тың бетін.
Келеді ол шашып-төкпей арқалап,
Туған елдің махаббатын, құрметін.
Мінезінде қарапайым кішілік,
Бір өзінде жайма-шуақ кісілік.
Кең кеудесі кардиограмма секілді
Мың жүректі күнде алатын түсір
Туған елдің өнерінің өркеші,
Туған жердің өнерінің өлкесі,
Көп жасай бер,сахараның еркесі,
Көп жасай бер, сахнаның Серкесі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сахнаның серкесі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сахнаның серкесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сахнаның серкесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сахнаның серкесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері