Көлеңке

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Өксігімді басуға,
Келген едім өлеңге.
...Етегімді басуда,
Еріп жүрген көлеңке.
Жаза алдым ба, жырды нық,
Күн алыс па – қорымнан?
...Сол көлеңкем бір жүріп,
Қалған емес соңымнан.
Алыс қалса қайтеді,
Менен нені ұғады?
Еріп жүру жай, тегі,
Алдыма да шығады.
Бұл бейдауа бейнеден,
Талай мұңға жолықтым.
Іздеп оны кейде мен,
Елеңдейтін болыппын!
Бірге туған жандайын,
Адамзатпен аталы.
Пенделіктің әрдайым,
Атын жемдеп жатады...
... Ар атамның еліне,
Жолға шығам мен ертең.
Тастама,- деп, - мені де,
Тағы ермекші... көлеңкем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлеңке өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Көлеңке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көлеңке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлеңке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері