Қазақ деген халықпыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Өткенінен өкпек ұрып тұратын,
Жеңе алмаған ешкім, бірақ, мұратын,
Қазақ деген халықпыз!
Суға батпай, отқа салса жанбаған,
Қиялымен қияларға самғаған,
Қазақ деген халықпыз!
Қасиетін аңғарыңыз қанынан,
Арын биік қоятұғын жанынан,
Қазақ деген халықпыз!
Төр ұсынған досы түгіл - қасына,
Ақ құятын жыланның да басына,
Қазақ деген халықпыз!
Рухымды қандай дұшпан баса алған?!
Найзасына үкі таққан қашаннан,
Қазақ деген халықпыз!
Жүрегімде – тұнып тұрған мейірім,
Даламды көр!
Далама ұқсас – пейілім,
Қазақ деген халықпыз!
Жаны ауырса - әнмен, жырмен «емделген»,
Еркіндіктің құшағында тербелген,
Қазақ деген халықпыз!
Танып әлем – бағалаған, жол берген,
Келешегі күлімсіреп, қол берген,
Қазақ деген халықпыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ деген халықпыз өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Қазақ деген халықпыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қазақ деген халықпыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ деген халықпыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері