Қыс кеттi – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Қыс кеттi» атты Сұлтан Қалиев жазған табиғат туралы өлең берілген.

Шөкiм бұлт жоқ аспанда,
Осы-ау көктем белгiсi.
Терезенi ашқанда,
Серпiлдi бiр бөлме iшi.
Көктейтiндей тасы да,
Назарым тұр тысқа ауып.
Алатаудың басына
Қонақтапты қыс барып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері