Бұл бетте «Қазалы хат» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақсақалды қария
Оқышы деп берді хат.
Қандай қызыл сиямен
Жазылыпты жаманат.
Оқталсам да неше рет
Өлдіге аузым бармады,
Қара көзім жасаурап
Қайғы оты лаулады.
Нарттай жүзім құбылып,
Жүрегім кетті дірілдеп.
Үн шығармай ішімнен
Оқи бердім күбірлеп.
Хатта нендей хабар бар
Қояды төзбей шал сүрап.
«Ұлың аман, ақсақал!»—
Дедім даусым қалтырап.
Жалғыз өзім жүргенде
Қиял болып серігім.
Айтатындай бір сөзді
Күбірлейді ерінім.
1944
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі