Сарабдалым Мұхтарым – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Сарабдалым Мұхтарым» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Самғаған қырандар мен сұңқар ғана,
Саңлағын сағынғанда іңкәр дала
Шомылып Шыңғыс таудың самалына,
Түледің тал бесіктен Мұхтар дана.

Қайырмасы:
Айдын шалқар пайымы
Шежіремнің шәйірі
Таң маңдайлым арайлым
Мұрагері Абайдың
Сарқылмайтын күш-дарын
Мәңгі қосып өлеңге
«Қазақпын» – деп әлемге
Сенсің ұран тұтарым,
Сарабдалым Мұхтарым

Айқындап айбыныңды, ғажабыңды,
Ақтардың шежірені саз ағынды
Абайдың айдынында алға жүзіп,
Әлемге әйгіледің қазағымды.

Қайырмасы

Егемен ел атандық ірі мығым,
Есейді қол бастады інің, ұлың.
Ертеңге бара жатыр ер есімің,
Жалғасып ұлылыққа ұлылығың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарабдалым Мұхтарым өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Сарабдалым Мұхтарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарабдалым Мұхтарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ораз Жұмашев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарабдалым Мұхтарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері