Майдангерлер – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Майдангерлер» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қара күндер күркіреп астан-кестең,
Қара бұлттар жөңкіле аспан көшкен,
Қан майданда шайқасып қалың елім,
Қасіретің қаншама бастан кешкен?!

Қайырмасы:
Арашалап пәк жанды,
Тамашалап ақ таңды,
Жеңісті байлап жалауға,
Айналғандар алауға,
Ойран кездер, ойда сендер,
Майдангерлер қайран ерлер,
Ұшырған арман құстарын,
Мәңгілік биік ұстарым.

Көрмегенге құлақтың бәрі елең,
Кәрі тарих сөйлеші барыңменен
Қаһармандар ерліктің шежіресін,
Қалай ғана жазды екен қаныменен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майдангерлер өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Майдангерлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майдангерлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ораз Жұмашев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майдангерлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері