Алакөл аққуы – Болатбек Солтанов

Бұл бетте «Алакөл аққуы» атты Болатбек Солтанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аққуы Алакөлдің,
Гәккуі дала – төрдің!
Жәудіреп мөлдір жанар,
Еркімді ала бердің.

Қайырмасы:
Тал бойың – балғын құрақ,
Қолаң шаш – тасқын құлап,
Ақ жүзің, ай сәулелі,
Гүл бағың тым мәуелі
Лебімді естігелі
Әнімді тұр-ау сұрап!

Шалқар көл ақ сұқсыры,
Шалқыған шаттық қылы!
Тербетсін ақ айдында,
Толқыған жастық жыры.

Қайырмасы

Қыздар-ай, қазағымның,
Желегі жаз – арудың!
Жырлармын сені, өткенше
Қызуы базарымның.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алакөл аққуы өлеңінің авторы кім?

Болатбек Солтанов — осы өлеңнің авторы.

Алакөл аққуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алакөл аққуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болатбек Солтанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алакөл аққуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері