Ару қарағым – Болатбек Солтанов

Бұл бетте «Ару қарағым» атты Болатбек Солтанов жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жұмбақ күлкілі,
Ұрлар ұйқыны,
Туған жерімнің
Үлпек бір гүлі.

Қайырмасы:
Тәтті бал қылық
Жүрек жандырып,
Қойды-ау ағаңды
Әнге салдырып!

Жүзің нұрланған –
Бейне нұрлы арман.
Үнің – самалдай
Ескен қырлардан.

Қайырмасы

Нәркес жанарың,
Жанға таралып.
Сол бір жылудан,
Ләззат аламын.

Қайырмасы

Ару қарағым,
Ерке маралым!
Көркі өзіңсің
Көркем даланың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ару қарағым өлеңінің авторы кім?

Болатбек Солтанов — осы өлеңнің авторы.

Ару қарағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ару қарағым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ару қарағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері