Өлең, жыр, ақындар

Не жаман

  • admin
  • 03.09.2024
  • 0
  • 0
  • 93
Әлі де талай бар жаман,
Әлеміш жанды жар жаман.
Кеудеге нан піскенге,
Салбырап көктен түскенге
Күн салсаң, болар хал жаман.
Басқаша болар бар жаман,
Жастарды күңдер шал жаман,
Сеніп қап аяр құшқанға
Сездірмей келген дұшпанға
Секемсіз берген бал жаман.
Жаумаған қыста қар жаман,
Бітімсіз тарқар дау жаман
Басыңа бәле төнгенде
Өртеніп тұрып өр кеуде
Таусылып қалған әл жаман.
Пиғылдан пиғыл тар жаман,
Тарылып туған жан жаман.
Жер менен аспан келіспей,
Өртеніп кеткен егістей,
Тапталып қалған ар жаман.
Бейуақта келген зар жаман,
Жетесіз біткен жал жаман.
Келісер жерде кебі жоқ,
Өлісер жерде себі жоқ
Наданға болған пар жаман.
Араммен келген мал жаман,
Бұтағы қисық тал жаман.
Жақсылық жаққа жүрмеген,
Жақсының ісін күндеген,
Бәрінен болар сол жаман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын ордам – туған жер

  • 0
  • 0

Алтын ордам – туған жер
Туған жер төскейінде түледім де,
Жібектей жел есілді жүрегімде.
Жамау Бұхарбаев

Толық

Дүние жалған

  • 0
  • 0

Дүние жалған
Даңғыл жолдың бүлінгенін
Дару қылар шоқырақтар.
Жамау Бұхарбаев

Толық

Даламның сен бір дастаны

  • 0
  • 0

Даламның сен бір дастаны
Алқынып жеткен алдан күн,
Алауын жағар арманның,
Жамау Бұхарбаев

Толық

Қарап көріңіз