Өмір-өмір
Бұл бетте «Өмір-өмір» атты Жангелді Заманбеков жазған өмір туралы өлең берілген.
Өмір-өмір өзегіңді өртеген,
Өзің үшін, тірлік үшін тер төгем.
Ғашық жандай іңкәрлікпен сен үшін,
Жолға түсіп сапар шегем ерте мен.
Өмір-өмір мың бұралған жолдарың,
Сол жолдармен ғұмырымды жалғармын.
Талай жырды, талай сырды толғадым,
Ойлауменен жер қамы мен ел қамын.
Қайырмасы:
Айтарым баршаңа,
Жол өтсе қаншама.
Сыйластық қадірін,
Түсірме қаршадай.
Кірлеме күміс көңілім,
Гүлдене берші өмірім.
Өмір-өмір кейде өбесің аймалап,
Жүргенім жоқ менде текке жай қарап.
Бір асудан бір асуға шығарда,
Табанымнан кетпегейсің тайғанап.
Өмір-өмір ғажайыпсың ертегі,
Құпияң көп жұмбақ сырлар шертетін.
Өтсін мейлі, өтсін тағы бір күнім,
Өтпесе екен, өшпесе екен ертеңім.
Қайырмасы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі