Бұл бетте «Көңілдің күйі шертілмей» атты Айтақын Бұлғақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілдің күйі шертілмей,
Қорғасын ойлар ертілмей.
Ішімде қалды күйік боп,
Батырдың берген сертіндей.
Жайыңды жанға жая алмай,
Жалғыз қалдым ой, Алла-ай.
Аяғына жем түскен,
Арғымақ аттай аяңдай.
Берілген арман қиялға,
Сыздаған миға сияр ма?
Қоламта ойды қоздатып,
Ән салып, кәне күй арна!
Жібекті түтіп, жіп етпей,
Жабағы құсап жүдетпей.
Шайырдың несі шайыр де,
Толқыған ойды түлетпей.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі