Келіңдер Алматыға

Бұл бетте «Келіңдер Алматыға» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Асыл ән еркемсің,
Көк төбе көркейсін.
Өркендеп өсе бер,
Түп түзу көшелер
Келіңдер Алматыға.
Алматы – Жерұйық,
Еңселі сен биік
Төбесін күн сүйіп,
Тәкаппар Алатау тұр
Келіңдер Алматыға.

Тау суы – мөп-мөлдір,
Төңерек ән мен жыр,
Нұр көктем оралып,
Бұлбұлдар сайрап жүр.
Келіңдер Алматыға.

Алматы аяулы,
Ел құшақ жаяды.
Көкпеңбек жер мен көк,
Бақтары саялы,
Келіңдер Алматыға.

Дәл қазір Алматы –
Көркейген жас қала,
Бой түзеп келеді,
Бірге өскен астана
Келіңдер Алматыға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келіңдер Алматыға өлеңінің авторы кім?

Бүбішхан Тікебаева — осы өлеңнің авторы.

Келіңдер Алматыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келіңдер Алматыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бүбішхан Тікебаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келіңдер Алматыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері