Астана – Бүбішхан Тікебаева

Бұл бетте «Астана» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бой көтерді бір қала,
Ол – біздің сұлу Астана.
Астанада бәрі бар,
Қараймыз соған шат­тана.

Мынау – туған мекенің,
Астанада көсемің.
Ән ұран-ақ, көрсетер,
Қазақтың кім екенін.

Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Қызы менен ұлымыз.

Ардақтайтын Астанам,
Мәртебелі бас қалам
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай бас қадам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері