Бұл бетте «Жапырақпын» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тал өмірге жармасқан сырға, жаным,
Қобызына шанақ болдым жыр даланың.
Алматым-ау, терезеңнен мұң ағады,
Тамшысымын жылап тұрған бұл қаланың.
Жауыныңнан ықтай түсіп қол шатырға,
Айтшы, сол бір ұраңқайда олжа тұр ма?
Мұң жапырақ жүрегіме оранып-ап,
Тоңған көше...
Адасқан із...
Жол жатыр ма...?
Жүздеріне сұрғылт күздің табы сіңген,
Күз мінезді жүректермен табысып ем.
Ақ жаңбырға үзілдім ғой жапырақ боп,
Жүзіп барам мен өмірдің ағысымен.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі