Аналық сезім

Бұл бетте «Аналық сезім» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аналық сезім – ақ сезім
Сәбилік бала шақ па едің
Үнемі алда жүретін,
Мәңгілік бола шақ па едің.

Аналық сезім – ақ сезім,
Сендегі қайда шат сезім?
Көктемді гүлге ораған,
Маужырап тұрған бақ па едің?

Аналық сезім – ақ сезім,
Алыстап кеті-ау пәк кезің.
Балалық көзбен қараған
Қай жақта бүгін шат кезің?

Аналық сезім – ақ сезім,
Басыма менің бақ па едің?
Сені сүю арқылы,
Өмірге сәби ап келдім!


Пікірлер (1)

Парасат

Бүбішхан Тікебаеваның «Аналық сезім» өлеңі – анаға, аналық махаббат пен сезімге арналған жүрекке жылы тиетін тамаша туынды. Бұл поэмада автор ананың мейірімі мен адам өміріндегі маңызын терең әрі көркем тілмен жеткізеді. Өлеңде аналық сезімді ақ сезіммен салыстырып, балалық шақтың тәтті естеліктері мен шынайы пәк сезімдердің бейнесі анық көрініс табады. Тақырыптың адамгершілік пен отбасы құндылықтарына бай болуы оқырманға терең ой салады және эмоционалды әсер береді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аналық сезім өлеңінің авторы кім?

Бүбішхан Тікебаева — осы өлеңнің авторы.

Аналық сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аналық сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бүбішхан Тікебаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аналық сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері