Бұл бетте «Туған жер» атты Сырбай Мәуленов жазған туған жер туралы өлең берілген.
07.02.2016
0
0
12914
Торғай бойы, Тосын жері
Бұйра құмның бөктері.
Жаз самалы жан тербетті
Қандай әсем көктемі.
Биік шыңның бауырында
Бұйра толқын бал бұлақ.
Бүгін мені қарсы алғандай
Ағып жатыр сылдырап.
Құрбылармен әзілдесіп,
Ойнап-күліп күн ұзын.
Көк шалғында көтеремін
Сырлы аяқтың қымызын.
О, достарым, туған жердің
Жүзі ыстық керемет.
Тұр ма әлде тас төбемнен
Ғажайып нұр себелеп.
1945
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі