Ағаңды таны шырағым – Дубек Мұсанов

Бұл бетте «Ағаңды таны шырағым» атты Дубек Мұсанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ән салған ерке бұлағы,
Сырласқан сыршыл құрағы.
Айдынның ару аққуын,
«Гәкку» деп шырқар ұланы,
Ағаңмын аңқау шырағым
Ағызып өлең бұлағын,
Теңіздей шалқып тұрамын.
Ән құмар көңіл тойымсыз,
Ағаңды сөкпе шырағым.
Жас дәурен – менің ұраным!
Құйындай ұшқан құланы,
Тас кескен тұлпар тұяғы.
Қырандай ұлы қырағы,
Пайғамбар тіккен қара қос,
Мекені Бейіш – тұрағы.
Қазақпын Ата ұраны!
Ағаңды таны шырағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар