Өлең, жыр, ақындар

Жаным балам

  • admin
  • 06.09.2024
  • 0
  • 0
  • 61
Дүниеге сен келдің ғой жаным балам,
Жарығым, өмірдегі барым балам
Байлығы болашақтың тұрған биік,
Дәулеті, бақытымның жалындаған.
Ақ таңға арайланар қуанамын,
Өзіңді көріп жаным жұбанамын.
Тірліктің болмысының керегі не?
Келмесең мен бір қайтіп қуанармын.
Алысқа көз жүгірткен қарашығым,
Өмірдің болашағы, бар асылым.
Көкте күн, жерде жұпар сен жүргенде,
Мәңгілік Алтын Ордам, ән асылым.
Ақ таңға арайланар қуанамын.
Өзіңді көріп Ботам жұбанамын.
Тербеген үйде жаным бесік жырын,
Әкеңнің әр кез сезгей қуанарын.
Ғұмырлық байлығыма таңыламын,
Сені иіскеп рахатыма малынамын.
Күн батса саулығыңды мен мың сұрап,
Таң атса тірлігіңе табынамын.
Ақ таңнан арайланған сен көріндің,
Жанымның жайлауындай кең беріп үн.
Даусыңнан шырылдаған айналайын,
Әкеңді орап алды-ау кетпейтін үн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен – қазақпын!

  • 0
  • 0

Мен – қазақпын, көрсетер айбарым бар,
Айбарым бар және де айтарым бар.
Тарихым бар, тағылымы тереңдерден,
Жұматай Түсіпов

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер