Еске алдың ба?
Бұл бетте «Еске алдың ба?» атты Құдайберген Қазыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 06.09.2024
- 0
- 0
- 1494
Сен мені еске алдың ба?
Ағаштар бүрлегенде.
Қыр гүлі шешек атып,
Құлпырып гүлдегенде?
Қайырмасы:
Еске алған жақсы емес пе?
Еске алар адам болса.
Шынымен еске алсаң
Табармын қашан болса.
Сен мені еске алдың ба?
Оңаша қалғаныңда.
Би билеп ән салатын
Думанға барғаныңда?
Қайырмасы
Сен мені еске алдың ба?
Сағыныш саз айтқанда.
Көңіліңе мұң ұялап,
Көк сызып қаз қайтқанда?
Қайырмасы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі