Мектеп әні
Бұл бетте «Мектеп әні» атты Нұрсапа Аманжолов жазған білім туралы өлең берілген.
Жүр мектепке баралық,
Бір, екі деп саналық!
Үміт еткен ел-жұртты
Қуантуға жаралық!
Қайырмасы:
Беу, беу шіркін балалық,
Есте болсын даналық!
Шыр айналып би билеп,
Шырқап әнге салайық!
Мектеп алтын ұямыз,
Құшағына сыямыз.
Гүл бағынан білімнің
Алуан жеміс жиямыз!
Қайырмасы
Біз бақытты ел баласы,
Өскен ақыл, санасы
Биік шыңнан көрінсек,
Оған кімнің таласы?
Қайырмасы
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі